Тоқаев мәслихат сайлауында дауыс берді

Тоқаев мәслихат сайлауында дауыс берді
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы елордадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент сайлау учаскесіне келіп, белгіленген тәртіппен бюллетень алып, дауыс беру рәсімінен өтті.

Айта кетейік, бүгін, 29 қарашада Қазақстанның барлық өңірінде мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл жолы еліміз бойынша 228 мәслихаттың 3 447 депутаты сайлануы тиіс.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12,6 миллионнан астам азамат енгізілген. Дауыс беру үшін республика аумағында 10 338 сайлау учаскесі ашылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу