Қазақстанда мәслихат сайлауына қатысқандар саны 45 пайыздан асты
Қазақстанда мәслихат депутаттарын сайлауға қатысу көрсеткіші күн ортасына қарай 45,46 пайызға жетті, деп хабарлайды Politico.kz.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 29 қараша күні сағат 14:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың осынша бөлігі дауыс беріп үлгерген.
Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 58,35 пайызы дауыс берген. Одан кейін Түркістан облысы – 56,91 пайыз және Қызылорда облысы – 56,38 пайыз көрсеткішімен тұр.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында дауыс беруге қатысу деңгейі 54,46 пайызды, Ақтөбе облысында 54,17 пайызды құраған.
Ал қалалар арасында көрсеткіш төмен болып отыр. Астанада сайлаушылардың 33,27 пайызы дауыс берсе, Шымкентте бұл көрсеткіш 32,74 пайызға жеткен. Алматыда сайлауға қатысу деңгейі әзірге 25,72 пайызды құрайды.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:
- Абай облысы – 51,82%;
- Ақмола облысы – 49,14%;
- Алматы облысы – 51,36%;
- Атырау облысы – 46,71%;
- Батыс Қазақстан облысы – 46,12%;
- Жамбыл облысы – 48,05%;
- Қарағанды облысы – 44,76%;
- Қостанай облысы – 46,21%;
- Маңғыстау облысы – 47,51%;
- Павлодар облысы – 46,83%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 43,74%;
- Ұлытау облысы – 43,63%.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша 228 мәслихаттың 3 447 депутаты сайланып жатыр. Дауыс беру үшін республика аумағында 10 338 сайлау учаскесі ашылған. Сайлаушылар тізіміне 12,6 миллионнан астам азамат енгізілген.
Соңғы жаңалықтар