Әл-Фарабидегі үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы адвокат мәлімдеме жасады

12.05.2026 11:41 Әсел Мұрат
Әл-Фарабидегі үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы адвокат мәлімдеме жасады
259
Фото: ашық дереккөз

Алматыда Әл-Фараби даңғылында наурыз айында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апаты бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы жәбірленушілердің бірінің адвокаты Олег Чернов хабарлады.

«Әл-Фарабидегі апат бойынша іс материалдарын зерттеуге кірістік. Іс бітті», – деп жазды адвокат Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, 21 наурыз түнгі сағат 03:30 шамасында, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апаты болды. Zeekr маркалы машинасы Mercedes көлігіне соғылып, үш адам да оқиға орнында көз жұмды. Ал апатқа кінәлі делінген Zeekr жүргізушісі ауыр жарақат алып ауруханаға түсті. Ол 7 сәуірде ауруханадан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Сонымен қатар полицияның әрекетсіздігі мен мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру фактілері бойынша бөлек істер қозғалып бірнеше жоғары лауазымды шенді қызметінен қуылды.

Жәбірленушілердің бірінің адвокаты Мейірман Шекеевтің айтуынша кәсіпкердің отбасы Шамалған ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Жолдаспековті ертіп барып марқұмның жақындарына ақша ұсынған. Ал осы жағдайдың ортасында апат жайлы деректерді айтып жүрген белгілі заңгер Әділетхан Молдахан басқа заңгерлермен біріккеннен кейін қамауға алынды.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий