Алматыдағы жол апаты туралы сұмдық деректер айтқан заңгер қамауға алынды

31.03.2026 08:49 Әсел Мұрат
Алматыдағы жол апаты туралы сұмдық деректер айтқан заңгер қамауға алынды
261
Фото: әлеуметтік желіден

Белгілі заңгер Әділетхан Молдаханның қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл туралы оның көмекшілері мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін заңгер әрі блогер атышулы әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы резонанс істе жарияланымдар жасаған еді.

Алматы қалалық полициясы заңгердің ұсталғанына қатысты пікір білдірді.

«Алматы қаласының полиция департаменті азамат М.-ға қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеп-тексеру амалдары жалғасуда», - деп жауап берді қалалық полиция редакциямыздың жолдаған сауалына.

Айта кетейік, Алматыдағы әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға болып, 3 адам оқиға орнында көз жұмған еді. Заңгер Әділетхан Молдахан полицейлердің бұл іске қатысы бар-жоғын бірінші болып айтып, бірнеше лауазымды тұлғанын аты-жөнін айтқан еді. Өз сөзінде ол сол түні Zeekr және тағы бірнеше көлік Достық даңғылынан бастап жарыс ұйымдастырғанын ашып көрсетті. Заңгердің айтуынша, көліктер әл-Фараби бойынша сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүріп, екі тұтас жолақты кесіп өтіп, жалған нөмірлерді пайдаланған.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий