Әлия Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әлия Шайзадайқызы Рүстемова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
1970 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина университетін, І.Жүнсүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Талғар аудандық ауруханасында дәрігер-терапевт қызметінен бастаған.
1993–1994 жылдары — Алматы қаласындағы №7 емхананың, №5 Қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-терапевті.
1994–2000 жылдары — Алматы қаласының медициналық ғылыми ұйымдарында клиникалық ординатор, аспирант.
2000–2001 жылдары Талғар қаласының медициналық мекемелерінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.
2001–2005 жылдары — Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы.
2005–2009 жылдары Алматы облысы бойынша Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарды.
2009–2010 жылдары — Қызылорда облысы бойынша Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің директоры.
2010–2011 жылдары — Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
2011–2012 жылдары — Алматы қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің директоры.
2012–2015 жылдары Астана қаласында Травматология және ортопедия ҒЗИ ғылыми хатшысы, инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015–2018 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша медициналық қызметті бақылау және қоғамдық денсаулықты сақтау департаменттері басшысының орынбасары, басшысы.
2018 жылы — Астана қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары.
2018–2022 жылдары — Нұр-сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.
2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар