Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адам туралы жаңа деректер шықты

Алматы әуежайында өзіне от қойған ер адам туралы жаңа деректер шықты
26.08.2025 14:23
0
401
Сурет: Бейнеден кадр

АЛМАТЫ ӘУЕЖАЙЫНДА ЕР АДАМНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ, ДЕП ХАБАРЛАЙДЫ POLITICO САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТАЛЫ.

Кеше кешкісін Алматы халықаралық әуежайында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Оқиға болған касса тиесілі туристік агенттіктің басшысы Гүлмира Сәдуақасова әлеуметтік желіде оқиғаның видеосын жариялап, ер адамның әрекеті туралы айтып берді. Оның сөзінше, күдікті билетті ауыстыруды сұрамаған және агентпен жанжалдаспаған.

Турагенттік басшысының жазуынша, ер адам кеңсеге кіріп, біреуге қоңырау шалу үшін телефон сұраған. Ол сөйлесу кезінде рейске үлгермегенін айтқан, содан кейін үстіне бензин құя бастаған.

Полиция бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала болжам бойынша, мұндай қадамға ер адамның жұбайымен жанжалдасып қалуы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Айта кетейік, 25 тамыз түні Алматы әуежайында ер адам өзін өртеген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий