Алматы облысында жол бойынан табылған сәби: Ата-анасы мен туыстары әлі іздестіріліп жатыр
1441
Алматы облысының Жамбыл ауданында жол бойынан табылған кішкентай қыздың ата-анасы немесе жақын туыстарын іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Politico.kz агенттігі Lider.kz еріктілер қозғалысына сілтемемен.
Еріктілердің мәліметінше, сәби 2025 жылғы 24 қазанда күндіз Алматы – Бішкек тасжолының бойынан табылған. Жолмен өтіп бара жатқан тұрғындар жалғыз қалған қыз баланы байқап, бірден полицияға хабарлаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, қыз бала шамамен 7–8 айлық. Табылған кезде оның үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон мен қызғылт телпек болған.
Қазір сәби қауіпсіз жерде. Құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтап, ата-анасы немесе жақын туыстарын табу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.
Lider.kz еріктілері қыз балаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды өздеріне хабарласуға, әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы байланысуға немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
17:31
Маркетплейс сауда жасап үйретемін деп, миллионд...
10.10.2026
16:28
Ақтауда подъезде ұйықтап жатқан баланың суреті ...
10.10.2026
15:53
Жезқазғанда «Қазақмыс» жұмыскерлері 5 мыңға жуы...
10.10.2026
15:29
“100 грамм ішіп жібердім”: Әнші Argonya Қайрат ...
10.10.2026
14:31
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жек...
10.10.2026
14:03
Павлодарда колледж студенті сабақ кезінде үшінш...