Құрылыс министрлігін қазір кім басқарып отыр?
Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылығына ауысқаннан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрін уақытша вице-министр алмастырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрліктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, қазір министрдің міндетін Рахымжан Исақұлов атқарып отыр.
Рахымжан Исақұлов кім?
Рахымжан Ержанұлы Исақұлов 1987 жылы 5 қарашада дүниеге келген. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Роял Холловей университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы Жапониядағы Ұлттық саяси зерттеулер институтында мемлекеттік басқару бойынша магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2010 жылы Президент кеңсесі референтінің міндетін атқарушы болып бастаған.
- 2013–2018 жылдары Президент Әкімшілігінде консультанттан мемлекеттік инспекторға дейін түрлі қызмет атқарған;
- 2018–2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
- 2020–2023 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы;
- 2022–2023 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы;
- 2023 жылғы 6 қазаннан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аппаратының басшысы болған.
2024 жылғы 15 қарашада Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалған. Министрлікте қорғаныс өнеркәсібі кешеніне жетекшілік етеді.
Еске салайық, 24 қарашада президент Ерсайын Нағаспаевты Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінен босатқан еді. Ол министр болғанға дейін еңбек еткен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына басқарма төрағасы болып оралды. Компанияның бұрынғы басшысы 11 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған болатын.
Соңғы жаңалықтар