«Отбасынан рұқсатын алдым»: Мөлдір Мұқанова Мұхтар Шахановтың өлеңіне ән жаздырды
Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова белгілі ақын Мұхтар Шахановтың «Жігерлендіру» атты өлеңіне ән жаздырғанын хабарлады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, жаңа туынды бұрынғы әндеріне мүлдем ұқсамайды және тыңдарманға ерекше жігер мен мотивация сыйлауға бағытталған:
«Қазағымыздың мақтанышы — Мұхтар Шахановтың сөзіне жаңа ғана ән жазып келдім. Бұрынғы әндерге ұқсамайтын, салмағы бар ән. Жігерлендіретін, мотивация беретін, позитивті. Адам болып өмірге келгеннен кейін мұңаю да болады, қуану да болады. Сынақ та, сәтсіздік те болады. Сол сәтте өмір тоқтап қалды деп қабылдамай, жігерленіп, қанаттанып, одан әрі жұмыс жасап, алға баса беру керек», — деді Мөлдір Мұқанова.
Продюсер ақынның өлеңін әнге айналдыру үшін оның жақындарынан арнайы рұқсат алғанын атап өтті:
«Шахановтың «Көтер, кәне, басыңды, қалай бұның?» деген өлең жолдары жігер берді. Мынаны ән қылып шығару керек деп, заңды түрде рұқсатын алдым. Әкімшісіне, Мұхтар ағаның жұбайына хабарласып, әулетінен, отбасынан рұқсатымды алып, рахметімді айтып, жаңа ғана ән жазып келе жатырмын», — деді ол.
Мөлдір Мұқанова бұл туынды шығармашылығындағы ерекше жаңалық болады деп үміттенеді.
Соңғы жаңалықтар