Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды

26.07.2026 17:28 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы – Өскемен тас жолында ірі жол апаты болды
251
Видеодан кадр

Жетісу облысында Алматы – Өскемен бағытындағы республикалық тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Апат 26 шілде күні автожолдың 474-шақырымында, Алакөл ауданы аумағында болған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, Kia Sportage жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota Highlander автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Соққының салдарынан сол бағытта келе жатқан Lexus көлігі де жол апатына ұшыраған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары дереу жетті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда. Зардап шеккендердің нақты саны мен олардың жағдайы туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда бірнеше көліктің қатты бүлінгені және апат орнында құтқару қызметтерінің жұмыс істеп жатқаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Көлбай ауылының маңында болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий