Алматы тауларында турист қаза тапты
790
Алматы қаласында Медеу ауданына қарасты Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар астында қалып қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы жағдай 22 ақпан күні таңертең болған. Қар астында қалған туристердің біреуі өздігінен шыға алған.
Оқиға туралы хабар түскен бойда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 23-әмбебап құтқару жасағы, «Барыс» қызметі, кинологтар тобы және еріктілер оқиға орнына жедел жетті. Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.
«Атқарылған шаралардың нәтижесінде қар астынан көз жұмған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді», – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...