Алматы жер сілкінісіне төзімділікті арттыруға 14 млрд теңге бөлді
Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру үшін 2025-2027 жылдарға арналған бюджетке 14 млрд теңге енгізілді. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бағдарлама аясында ғимараттардың жер сілкінісіне төзімділігі тексеріліп, Жапония, АҚШ және Израиль тәжірибесі бойынша қаланың қауіпсіздік бағдарламасы жасалады.
Білім беру нысандарын нығайту
2025 жылы Бостандық және Медеу аудандарындағы үш мектептің жер сілкінісіне төзімділік жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар Түрксіб ауданындағы №50 мектеп-лицейге және Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы жеті балабақшаға төзімділік жұмыстарын жүргізу басталады.
Көшкін қауіпі
168,8 млн теңге көлемінде үш жылдық жоба жүзеге асырылып, Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің бассейндерінде көшкін қаупі бар учаскелердің паспорты жасалады.
Жаңа сейсмостанциялар
Қалалық агломерацияны толық қамту үшін 51 бар сейсмостанцияға қосымша тағы 70 станция орнатылады. Бұл жұмыстар 2025-2026 жылдары іске асады.
Инфрақұрылымды жетілдіру
Жаңа станциялар көрші елдердің (Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан) жүйелерімен интеграцияға дайындалады.
Тұрғындарды үйрету орталығы
Төтенше жағдайларда өзін-өзі құтқару дағдыларын үйрету үшін симуляциялық оқу-әдістемелік орталық салынады.
Ақпарат cmn.kz сайтынан алынған.