Алматыда 23 жастағы қыз өзінен 35 жас үлкен сүйіктісін өлтірді
1296
Алматыда өзі кездесіп жүрген ер адамды өлтірді деген күдікпен 23 жастағы қызылордалық қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды,мдеп хабарлайды politico.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Бойжеткеннің жақындары қыздың өзінен 35 жас үлкен сүйіктісінен зәбір көргенін, одан қорғану мақсатында осындай әрекетке барғанын айтып отыр. Бұл туралы #Немолчикз қоры мәлім етті,
#Немолчикз-тің жазуынша, бойжеткеннің анасы мен әпкесі бір апта бұрын қорға хат жолдаған. Онда қамауда отырған қыздың Алматыға Қызылордадан жұмыс істеу үшін барғаны айтылған. Оқыс жағдайдан кейін ол анасына қоңырау шалып: «Ол менің аяғыма пышақ сұқты. Мен жай ғана кеткім келді. Жай ғана қорғанып, қашып, басқа пышақ алып, оған қарай сермедім, ол құлап түсті. Енді ол тұрмайды» депті.
«Сол түні қыз бір жыл қарым-қатынаста болған ер адамнан кетуге тырысқаны белгілі болды. Ер адам одан 35 жас үлкен. Ол 23 жастағы қызды ұрып-соғып, азаптаған. Бойжеткен қашып кетуге тырысқанымен, олар бір-біріне қайта оралған. Соңғы екі айда ер адам оның туыстарымен сөйлесуіне тыйым салыпты. Ал туыстары бойжеткенді ер адамнан алып кетудің жолын таба алмай жүріпті. Қыздың телефоны мен құжаттарын да тығып тастаған. Соңғы ұрыс-керістері қайғылы жағдаймен аяқталды», - делінген жазбада.#Немолчикз-тің жазуына қарағанда, қыз бала бірнеше рет өзіне қол жұмсауға тырысқан. Дәрі ішкен, қолының тамырын кескен. Анасы қыздың басында түрлі тыртық қалғанын айтады. Айтуынша, ер адам қызының басынан бөтелкемен ұрған. Қазіргі уақытта бойжеткен уақытша ұстау изоляторында. Оған кісі өлтірді деген айып тағылып отыр. Сот медициналық сараптамасының қорытындысы оның пышақ жарақатынан өлгенін растай ма әлде басқа себептер бар ма? Осыны анықтау мақсатында тергеу жүргізілуі керек. Қыз анасымен сөйлескен кезде қорғану мақсатында оның аяғына пышақ жарақатын салғанын айтқан. Ол өзінің кісі өлтірмегенін, тек өзін қорғағанын айтып жылаған. Қыздың жақындарының адвокат жалдауға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да олар #Немолчикз-тен көмек сұраған.
Соңғы жаңалықтар
30.09.2026
08:35
Шымкентте әйел күйеуін пышақтап өлтірді күдікке...
30.09.2026
08:05
Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ...
29.09.2026
23:24
ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ: Т...
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...