Алматыда 35 жастағы ер адам екі айдан бері із-түзсіз жоғалып кеткен
1756
Лидер еріктілері Алматы қаласында жоғалып кеткен 35 жастағы Бауыржан Олжасқа іздеу жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Еріктілердің мәліметінше, 1990 жылы туған азамат биыл 19 наурыз күні үйінен шығып кетіп, содан бері қайта оралмаған.
«Өкінішке қарай, Бауыржан Олжас туралы әлі күнге дейін ешқандай ақпарат жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Егер осы жазбаны оқып отырсаңыз, жақындарыңызға хабар беріңіз», – деп жазды еріктілер.
Белгілі болғандай, ер адам үйіндегі жанжалдан кейін Алматы қаласындағы Таугүл-3 шағынауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Іздеуде жүрген азаматтың бойы шамамен 190 см, дене бітімі орташа, шашына ақ түскен. Жоғалған күні қандай киім кигені нақты белгісіз.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...