Алматыда 9 жасар балаға зорлық жасалғаны туралы мәлімдемеден кейін полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады

30.09.2026 • 15:03 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Алматыда 9 жасар балаға зорлық жасалғаны туралы мәлімдемеден кейін полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады
110
Фото: depositphotos.com

Алматыда әйел көршісінің 9 жасар ұлына жыныстық зорлық жасағанын айтып, полицияға жүгінген. Алайда анасының сөзінше, сол күні қылмыстық іс қозғалмай, ер адам бостандықта жүрген. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззәт Рақышева  жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның мәліметінше, әйел «Human Rights Lawyers» қорына көмек сұрап келген. Айтуынша, оқиға бір күн бұрын түскі уақытта, баласы мектептен қайтқан соң болған.

«Анасының сөзінше, көршісі баланы алдап үйіне шақырып, оған жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Әйел бейнежазбадан ұлының сол кіреберіске кіргенін көріп, бірден іздеуге барған», деп жазды Рақышева .

Анасы сол күні полицияға хабарлағанын, алайда кешке әлгі ер адамның кіреберіс маңында жүргенін көргенін айтқан. Оны көрген бала қорқып қалған. Келесі күні әйел полицияға қайта барып, арызының неге дер кезінде қабылданбағанын, тергеу әрекеттері неге бірден жүргізілмегенін және ер адамның неліктен бостандықта жүргенін сұраған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Азаматтың жеке басы анықталды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне қарай Қазақстан заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады», деп мәлімдеді ведомство.

Войдите, чтобы оставить комментарий