Алматыда алтыншы қабаттан секіріп өлген жас ана туралы тың дерек тарады

Алматыда алтыншы қабаттан секіріп өлген жас Ажар Тәуекел жайлы тың дерек тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталы сілтеме жасап.
Бұл ақпаратпен әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім…Айдың күннің аманында Алматыда, Ажар деген әп-әдемі, 12 мүшесі сау, КазГУ- ді аяқтап, АГУ- де оқып жатқан келіншек, кішкентай Нұрдаулет ботақанның анасы 6 қабаттан секіріп өледі…
Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп , қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды!! Анасы Ахметова Жанна ханым ,талай қиындықты басынан кешіп, қоймай, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузали, әйнектен лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой…Бізде дәлелдеуіміз керек ?!
19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап, 6-шы қабаттан неге секіреді?! Мүкін емес…Ал, кім сенеді ?! Сіздерден өтінінемін, қыздар ?! Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң — концерт қоя бастайды!!
1 минутта шыдамаңыздар, ондай кещщелер өзгермейді, қолын бір рет көтерген ез сорақылығын жалғастырады!! Салтанат Нукенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға қамалды ғой, Бишимбаев , сондай жаза берсін қанышерге!! Бұл трагедияны резонанс жасап , тарату керек!!!», — деп дабыл қақты ол.
Соңғы жаңалықтар





