Алматыда ауқымды операция басталды

02.04.2026 11:48 Арман Ермеков
Алматыда ауқымды операция басталды
323
Фото: Бейнеден алынған кадр

Әл-Фараби даңғылында Zeekr мен Mercedes көліктері бетпе–бет соғысып үш адамның өмірін қиған апаттан кейін қаладағы жол қауіпсіздігін күшейту үшін төрт өңірден қосымша полиция күштері тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиғадан соң марқұмдардың жақындары мәселе көтеріп қоғамда үлкен резонанс туындаған кезде қала әкімі Дархан Сатыбалды отбасыларға көңіл айтып тәртіпті қатаңдатуды тапсырған болатын.

Осы тапсырма аясында сәуірдің 1-10 аралығында мегаполисте қылмыстық ахуалды тұрақтандырып жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Стоп-бұзушылық» жедел-профилактикалық операциясы басталды.

Құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне жедел әрекет етіп арандатушылықтың жолын кесуге бағытталған бұл шараға Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан қосымша жасақтар арнайы алдыртылды.

Күшейтілген қызмет жағдайында қойылған міндеттерді орындауға дайындықты арттыру үшін бірыңғай гарнизондық саптық жиын өтіп, онда Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал–майоры Айдын Қабдұлдинов жеке құрам алдында сөз сөйледі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий