Алматыда бір тәулікте 73% айлық қар нормасы жауды

Алматыда бір тәулікте 73% айлық қар нормасы жауды
16.12.2024 14:41
0
40
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыда бір тәулікте айлық қар нормасының үштен бірі жауды

15 желтоқсан күні кешке Алматыда қалың қар жауып, таңертеңге дейін қалада желтоқсан айлық нормасының 32%-ы түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, желтоқсан айының 73%-дық қар нормасы қазірдің өзінде жауған.

"16 желтоқсан таңында қалада қардың қалыңдығы 22 сантиметрге жетті, Каменское платосында – 40 см, ал Шымбұлақта – 42 см болды", – делінген басқарманың хабарламасында.

Қардың салдарын жою үшін қалада коммуналдық қызметтер толыққанды жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта Алматы көшелерінде 605 арнайы техника мен 1080 адам жұмыс жасап жатыр. Мұзды болдырмау үшін 122 құм шашқыш 2065 тоннадан астам реагент қолданды.

"16 желтоқсан таңынан бастап көшелерді қайталап тазалау жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға 23 техника колоннасы мен полиция патрульдік машиналары жұмылдырылған", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Қаланың маңызды нысандарынан, соның ішінде Республика алаңынан, әуежайдан және Алматы-1, Алматы-2 теміржол вокзалдарынан қар шығарылуда. Қазіргі уақытта 850 текше метр қар шығарылған.

Сонымен қатар, тротуарлар, автотұрақтар және әлеуметтік маңызы бар нысандарға кіреберіс жолдарды тазарту үшін 65 шағын техника қолданылуда. Қоғамдық көлік аялдамалары, жаяу жүргіншілер өткелдері, баспалдақтар мен пандустар қолмен тазартылып жатыр.

Синоптиктердің болжамы бойынша, күндіз Алматыда ауа температурасы -6...-8° дейін төмендейді, ал жауын-шашын тоқтайды.

Ақпарат zakon.kz сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или