Алматыда екі күдіктіден 25 млн теңгелік есірткі мен қару тәркіленді
929
Полицейлер Алматыда 1 келіге жуық есірткі мен қару тәркіледі
Алматы қаласында полицейлер ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тасымалдаған екі ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Тексеру барысында олардың автокөлігінің жүк салғышынан шамамен 1 келіге жуық есірткі заты табылған. Бұл мөлшер шамамен мың дозаға тең екені, ал оның қара нарықтағы құны 25 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін екені айтылды. Орамдарға бөлінген ұнтақ заттар арнайы тексеру кезінде анықталған.
Сонымен қатар, көліктен қолдан жасалғаны байқалатын кесілген қару (обрез) және оқ-дәрілер табылған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қарудың болуы мұндай қылмыстардың қоғамдық қауіптілігін күшейте түседі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...