Алматыда интимдік қызмет көрсеткен жасырын салон әшкереленді
Бостандық ауданында заңсыз қызмет көрсеткен мекеме анықталды
Алматы қаласының Бостандық ауданында полицейлер боди-массаж қызметін көрсетеміз деген желеумен жұмыс істеген жасырын мекеменің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, заңсыз қызмет көрсеткен салон қаланың беделді аудандарының біріндегі жекеменшік үйлердің бірінде орналасқан. Нысан профилактикалық іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлардың назарына ілінген.
Тексеру кезінде полиция қызметкерлері жеті әйелді ұстады. Олар жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін полиция бөліміне жеткізілген.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ мекеме әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданған.
Полиция әзірге оқиғаға қатысты өзге ақпаратты жариялаған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды