Алматыда кәсіпкердің үйін тонап, 500 миллион теңгені алып кеткендер ұсталды

Алматыда кәсіпкердің үйін тонап, 500 миллион теңгені алып кеткендер ұсталды
30.09.2025 09:26
0
147

Алматыда кәсіпкердің үйін тонағандар ұсталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Алматыда кәсіпкердің үйіне түнде бетперде киіп басып кіріп, жарты миллиард теңгенің мүлкін тонап кеткен үш адамнан тұратын топ ұсталды. Қарақшылар үй иелерін тапаншамен қорқытып, байлап тастаған.

Шабуыл қалай болды?

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға 12 қыркүйекке қараған түні Алматы қаласының Медеу ауданында болған. Белгісіз үш адам бетперде киіп, кәсіпкердің үйіне басып кірген. Олар қарумен қорқытып, үйдегілерді байлап, зергерлік бұйымдарды, қымбат сағаттарды және ақшаны алып кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 500 миллион теңгені құрады.

Күдіктілер бұрын да қылмыс жасаған

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілерді ұстады. Олардан айғақты заттар тәркіленді.

«Тергеу барысында күдіктілердің осыған ұқсас, бұрын ашылмаған тағы екі қарақшылық шабуылға қатысы бары анықталды. Оның бірі биыл Алматы облысының аумағында, екіншісі 2024 жылы Алматы қаласында жасалған», — деді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий