Алматыда оқушы қыздардың өзіне қол жұмсау оқиғасы: іс 5 айдан бері тергеліп жатыр

Алматы прокуратурасы екі оқушының суициді бойынша тергеу барысы туралы пікір білдірді.
Алматы прокуратурасы бес айдан бері жалғасып келе жатқан екі мектеп оқушысының өзіне қол жұмсау ісі бойынша тергеу барысы туралы ресми мәлімдеме жасады. Қалалық прокуратура бұл қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу қызметінің өндірісінде екенін жеткізді.
"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық қудалау органы оқиғаның барлық мән-жайын Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес анықтап жатыр", – деді Алматы прокурорының орынбасары Асхат Шәріпов.
Оқиғаның мән-жайы
Еске сала кетейік, 2024 жылғы 16 қыркүйекте Алматыда екі мектеп оқушысы көпқабатты үйдің төбесінен секіріп, қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі уақытта тергеу органдары суицидтің себептері мен оған ықпал еткен факторларды жан-жақты зерттеп жатыр.
Соңғы жаңалықтар





