Қазақстанда әуе рейстері кешікті: Vietjet Qazaqstan ұшағы құстармен соқтығысты
Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы ұшақтардың бірінің құспен соқтығысуына байланысты бірнеше бағыттағы рейстердің кестесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Соның салдарынан бірқатар рейс кешіктірілген.
Оқиға 4 қарашада IQ426 рейсін орындау кезінде болған. Әуе компаниясының мәліметінше, UP-DH003 борт нөмірлі ұшақ құстармен соқтығысқаннан кейін қосымша техникалық тексеруден өткізу қажеттілігі туындаған.
Осыған байланысты әуе кемесінің техникалық жағдайын тексеру үшін уақыт қажет болған. Бұл өз кезегінде компанияның ұшу кестесіне әсер етіп, бірнеше бағыт бойынша рейстердің кешігуіне әкелген.
Әзірге әуе компаниясы нақты қай бағыттардағы рейстердің кешіккенін және жолаушылар қанша уақыт күтуі мүмкін екенін хабарлаған жоқ. Жолаушыларға ұшу кестесіндегі өзгерістерді бақылап отыру ұсынылды. Өз рейсінің мәртебесін компанияның ресми сайтынан тексеруге болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
19:48
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларын ұстады – БАҚ
05.11.2026
19:42
Тоқаев Иордания королін ерекше марапатпен қарсы...
05.11.2026
19:16
Ақын Ербол Бықыбаев ұсталды - заңгер
05.11.2026
19:14
Қазақстанда әуе рейстері кешікті: Vietjet Qazaq...
05.11.2026
18:32
Қазақстанда жылжымайтын мүліктен ең көп табыс т...
05.11.2026
18:26
Алматы облысында полицейлер көлікке оқ атты: Жү...