Алматыда құтқарушыларға 20 қызметтік пәтер берілді
352
Қалалық ТЖД бастығының орынбасары Бағдат Чайзада департамент басшысының атынан қызметкерлердің отбасыларына индустриялық аймақтағы жаңа өрт сөндіру депосының ғимаратында және Алатау ауданы Карпатская көшесіндегі №14 өрт сөндіру бөлімінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратында орналасқан 20 қызметтік пәтердің кілтін табыс етті.
Қызметтік пәтер алған ТЖД қызметкерлерінің қатарында радиотелефоншылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар, жүргізуші-нұсқаушылар, бөлімше командирлері, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының жұмысшылары бар.
«Біз сіздердің халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестеріңізді бағалаймыз. Сондықтан қызметтік пәтерлердің кілтін тапсыру мен үшін үлкен мәртебе. Тұрмыстық жағдайды жақсарту гарнизон қызметкерлерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. Әкімдіктің қолдауымен жылдан-жылға ішінде тұрғылықты жер қарастырылған жаңа өрт сөндіру бөлімдері салынып жатқанын атап өткім келеді. Біз әрбір қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін барлық шараны қабылдаймыз. Үйлеріңізде жылулық пен жайлылық, достық пен махаббат орнасын», – деді Бағдад Чайзада.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...