Алматыда үш бірдей есірткі зертханасын ұйымдастырған топ мүшелері 16 жылға сотталды
Үш жасырын есірткі зертханасын құрған 7 адам 16 жылға сотталды
Алматы қаласында психотроптық заттарды аса ірі көлемде өндірген ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Бұл туралы қала прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады деп мәлімдейді Politico.kz.
Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері үш бірдей жасырын есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты. Заңсыз өндіріс жеке тұрғын үйлерде ұйымдастырылған.Тінту барысында заңсыз айналымнан ірі көлемде есірткі заттары, оның ішінде мефедрон тәркіленді.
Қылмыстық топтың жеті мүшесі ұсталып, сот үкімімен әрқайсысы 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал топтың ұйымдастырушысы тергеуден қашып үлгерген. Қазіргі уақытта ол халықаралық іздеуге жарияланды.
Құзырлы органдар заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...