Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото:depositphotos.com

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Politico.kz.

29 шілдеде сағат 11:09-да «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. 

Эпицентрдің координаттары: солтүстік ендіктің 41.357° және шығыс бойлықтың 78.778°.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу