Алматыдағы сауда орталығында оқушылар жаппай төбелесті

Алматыдағы сауда орталығында оқушылар жаппай төбелесті
26.02.2025 13:36
0
91
Бейнеден кадр
Алматыдағы оқушылар төбелесі: ата-аналар шағымданды

Алматыда 20 ақпанда қаланың ірі сауда орталықтарының бірінде жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Төбелеске №178, 181 және 209 мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысқан. Полиция оқиға бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғады.

Кейіннен 181 және 209 мектептің оқушыларын ұстап, оларды сот шешімінсіз арнайы мектепке жібергені белгілі болды. Бұл туралы жасөспірімдердің ата-аналары шағымданып, балаларының заңсыз ұсталғанын айтты.

Ата-аналардың шағымынан кейін аймақтық бала құқықтары жөніндегі уәкіл прокуратураға сұраныс жіберді. Прокуратура оқушылардың арнайы мектепке жіберілуін заңсыз деп танып, бұл шешімді жоққа шығарды.

Алматы полиция департаменті барлық қатысушылар анықталып, бөлімшеге жеткізілгенін растады. Олардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, ата-аналарға бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылуда.

Төбелеске қатысқан мектептердің әкімшілігіне конфликт себептерін жою жөнінде ескерту берілді. Барлық қатысушылар есепке алынып, олардың ісі Алатау ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий