«Ана болуға дайын емеспін»: актриса Фариза Ескермес ішкі қорқынышын ашық айтты

29.12.2025 09:27 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Ана болуға дайын емеспін»: актриса Фариза Ескермес ішкі қорқынышын ашық айтты
0
51
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Фариза Ескермес

Актриса Фариза Ескермес ана болуға қатысты ішкі қорқынышын ашық айтып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Ол Жанерке Сейфулланың «Айтарым бар» подкастына берген сұхбатында бұл тақырыпты бұрын-соңды дәл осылай жария түрде қозғамағанын жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz

Фаризаның айтуынша, ана атану – оның өміріндегі ең үлкен жауапкершілік ретінде қабылданады.

«Мен он жыл бойы жалғыз тұрдым. Ерте кеттім үйден. Бірақ ана атануға қорқамын. Бұл қорқыныш ана болмайынша кетпейтін сияқты. Тіпті психологқа барып, бір жылдай осы сұрақпен жұмыс істедім. Өйткені жай ғана бала туа салу мен үшін дұрыс емес. Оған дайын болу керек деп ойлаймын», – дейді актриса.

Сондай-ақ Фариза тұрмысқа шығуға да ұзақ уақыт бойы дайын болмағанын жасырмады. Оның сөзінше, қоғамдағы «келін» ұғымына қатысты қалыптасқан стереотиптер де оған әсер еткен.

«Қыз тұрмысқа шықса, келін. Ал келін деген – құл сияқты түсінік бар ғой. Сол үшін де қорықтым. Мүмкін сондықтан болар, мен отыз жасымда ғана тұрмысқа шықтым», – деді ол.

Бұл пікірлер желі қолданушыларының екіұшты реакциясын тудырды. Бірі актрисаның шынайылығын, жауапкершілігін жоғары бағаласа, енді бірі оның ойымен келіспейтінін ашық жазды.

«Ана болғанда дәл осындай адамдар керемет жауапты ана болады», «Баланы Алла береді, бәрі өз уақытымен», «Бұл – эгоизм емес, саналы көзқарас», «Алты бала туып, бірде-бір рет бұлай ойламаппын»,«Екі адам қосылған соң бала болмай қалса, не істеу керек сонда?» деді оқырмандар.

Фариза Ескермес бұл сұхбатымен ана болу тақырығын басқа қырынан көрсетіп, қоғамда көп айтыла бермейтін ішкі күмән мен қорқынышты ашық айтуға болатынын дәлелдегендей. Оның сөздері біреуге ой салса, біреуге өз ұстанымын қайта қарауға түрткі болды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий