"Аналық махаббатымды бере алмадым ба деп өкіндім": Тамара Асар марқұм өгей ұлы туралы алғаш рет айтты
860
Әнші Тамара Асар бір жыл бұрын қаза тапқан өгей ұлы туралы алғаш рет айтып, ішкі өкінішімен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол бұл туралы"Azamat Live" подкастына мәлімдеді.
Өнер иесі ұл бала тәрбиесінде қатал болғанын, бірақ сол кездегі ұстанымы үшін кейін өкінгенін жеткізді.
"Жалпы «осылай істемедім» деген үлкен өкінішім жоқ. Бірақ былтыр сол баланы жоғалтқан кезде «аналық махаббатымды толық бере алмадым ба» деп қатты өкіндім. Жалпы ұл баланы еркелетпеймін, өзім қаттымын. Өз баламды да еркелетпейтін адаммын. Жақсы көретінімді білдіремін, қамқорлық танытамын, бірақ бетінен қақпай еркелетпеймін. Менен соны көре алмады ма деп өкіндім", — деді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі бұл ауыр қаза денсаулығына кері әсер етіп, саясатқа бет бұруына түрткі болғанын айтты.
Соңғы жаңалықтар
01.10.2026
23:20
Жұмамұрат Шәмші: Тойды тоқтатып, асабаларды арн...
01.10.2026
23:20
«Ұйықтап жатқан баланың бетін тырнады»: Ақтөбед...
01.10.2026
22:41
"Қатты ауырып, жылап жібердім". Индира Елемес қ...
01.10.2026
22:17
Ресей прокуратурасы Тимур Турловты сотқа берді:...
01.10.2026
21:14
Бейнеуде адам өліміне әкелген жол апаты: Полици...
01.10.2026
21:10
Қазір кез келген адамға есігімді ашпаймын — Роз...