Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды

Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды
Видеодан кадр

Ақмола облысында трактор аударылып, жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай 14 қарашада Зеренді ауданына қарасты Елікті ауылының маңында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, К-700 маркалы трактор аударылып кеткен. Салдарынан кабинада болған жүргізушіні ауыр техника басып қалып, ер адам оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу