«Анасын жерледім» деп ақша алып, тойды тоқтатқан: Ақтөбелік қыз Қытай азаматын алдап кеткен

«Анасын жерледім» деп ақша алып, тойды тоқтатқан: Ақтөбелік қыз Қытай азаматын алдап кеткен
Фото: cokgold.ru

Қытай азаматы Ақтөбе тұрғынымен болмай қалған үйлену тойынан кейін оған жұмсаған 30 миллион теңгеге жуық қаражаты мен отбасылық алтын бұйымдарын қайтара алмай жүр, деп хабарлайды Politico.kz.

Лю есімді ер адамның сөзінше, ол қазақстандық қызбен үш жыл бойы кездесіп жүрген. Осы уақыт ішінде сүйіктісіне үнемі қаржылай көмек көрсетіп, оқуының ақысын, ипотекасын және өзге де тұрмыстық шығындарын төлеп отырған.

Тіпті екеуі Қытайда құда түсіп, сырға салу рәсімін өткізген соң, Ақтөбеде 150 қонаққа арналған үлкен тойға дайындала бастаған. Алайда тойға аз уақыт қалғанда күйеужігіт мейрамханаға мүлдем тапсырыс берілмегенін анықтаған. Бұдан бөлек, бұған дейін қыз «жерлеу рәсіміне» деп ақша сұратқан қалыңдықтың анасы тірі болып шыққан.

Той болмай қалғаннан кейін Лю құқық қорғау органдарына арызданып, алданып қалғанын айтып, жұмсаған ақшасы мен отбасылық алтындарын қайтаруды талап еткен.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шетелдіктің шағымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Алайда кейіннен істе қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу