Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын комиссия құрды

Тоқаев «Халықтық құрылыс» қаржысын бақылайтын комиссия құрды
Фото: Reuters

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» инфрақұрылымдық жаңғырту бағдарламасына бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру туралы жарлыққа қол қойып, оның құрамын бекітті, деп хабарлайды Politico.kz.

Комиссияның міндеті – жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеу.

Комиссия жобаларды жоспарлау мен қаражат бөлуден бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді бақылайды. Мемлекеттік сатып алулардың мерзімін, құнын және заңдылығын тексеріп, тәуекелі жоғары жобаларды анықтайды, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар әзірлейді.

Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы президентке тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша есеп беріледі. Комиссияның жұмыс органы болып Жоғары аудиторлық палата белгіленді.

Мемлекеттік комиссияның құрамы:

  • Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы – комиссия төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі – комиссия төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасының орынбасары;
  • Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының төрағалары;
  • Айнұр Жеңісбекқызы Аймұрзина – «Dos.co» жеке меншік қорының директоры;
  • Қайрат Қапарұлы Айтуғанов – Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
  • Андрей Иванович Антоненко – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, дипломатиялық қызмет ардагері;
  • Ислам Ильясович Байрамуков – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жамбыл облысы қарашайлар мен балқарлардың этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, еңбек сіңірген спорт шебері, XXVII жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері;
  • Біржан Бақытбекұлы Баткеев – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасы;
  • Нұрбек Серікұлы Бекбауов – «Qazaqstan» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;
  • Берік Серікұлы Беркімбаев – Құрылтай депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі;
  • Наталья Николаевна Годунова – Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы;
  • Сұңғат Қуатұлы Есімханов – Құрылтай депутаты, Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті төрағасының орынбасары;
  • Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  • Вера Николаевна Захарчук – «24.kz» телеарнасындағы «Народная стройка» бағдарламасының журналисі;
  • Геннадий Геннадьевич Зенченко – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры;
  • Владимир Николаевич Изюмников – «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы» жастар қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы;
  • Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тәжіктердің республикалық этномәдени бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Шолпан Таңатқызы Каринова – Құрылтай депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;
  • Вера Александровна Ким – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Ұлттық волонтерлік желі» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
  • Төлеген Нығыметжанұлы Күнәділов – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Астана қаласының Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы;
  • Юлия Владимировна Кучинская – Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі;
  • Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева – журналист, Президент Іс басқармасына қарасты Президенттің Телерадиокешені республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;
  • Ләззат Молдабекқызы Қалтаева – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, БҰҰ-ның Мүгедектер құқықтары жөніндегі комитетінің мүшесі;
  • Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев – Құрылтай депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;
  • Марат Шәдетханұлы Қожаев – Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Андрей Иванович Лукин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері;
  • Ирина Рихардовна Манжанова – «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің мүшесі;
  • Манат Айтбайұлы Мусин – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі;
  • Олжас Елтайұлы Нұралдинов – Құрылтай депутаты, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің мүшесі;
  • Ольга Валентиновна Перепечина – Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
  • Сергей Михайлович Пономарёв – Құрылтай депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;
  • Замир Садықұлы Сағынов – Құрылтай депутаты, Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің мүшесі;
  • Әбілхайыр Ғалымұлы Тамабек – Құрылтай депутаты, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі;
  • Ренат Фаритұлы Ташқынбаев – журналист, ақпарат шолушысы, YouTube желісіндегі «Другие места» жобасының авторы және жүргізушісі;
  • Нұргүл Төленқызы Үлжекова – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының басшысы;
  • Андрей Антонович Шин – кәсіпкер, «Шин-Лайн» компаниялар тобының негізін қалаушы;
  • Геннадий Геннадьевич Шиповских – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Жастар үні» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі;
  • Риат Жабайұлы Шони – «24.kz» телеарнасындағы «Халықтық құрылыс» бағдарламасының журналисі;
  • Азиза Тимурқызы Шөжеева – «GovTech & AI Foundation» қоғамдық қорының басшысы, «TechnoWomen Non-profit Organisation» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы;
  • Сәлімбай Егембердіұлы Шөнеев – Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестерді үйлестіру орталығының төрағасы;
  • Ләззат Алтынбекқызы Шыңғысбаева – Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде 2027 жылды «Халықтық құрылыс» жылы деп жариялаған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу