Әнші Төреғали Төреәлінің жетінші баласы өмірге келді

08.04.2026 11:41 Мөлдір Талғат
Әнші Төреғали Төреәлінің жетінші баласы өмірге келді
925
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі жетінші баланың әкесі атанып, отбасында қуанышты жаңалық орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жақсы хабарды әншінің продюсері Жанат Мұқанов әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, өнер иесінің шаңырағында қыз бала дүниеге келген.

«Құрметті қазақ елі! Бүгін қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Төреғали Төреәлі отбасында қыз бала дүниеге келді! Сүйінші! 7 сәуір күні кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын!

Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін. Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!

P.S. сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар, бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар», – деп жазды продюсер.

Қазіргі таңда сәбиге есім таңдау мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Желі қолданушылары түрлі ұсыныстарын білдіріп, әншінің отбасына ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий