«Ақбаянның бес баласын баға алмаймыз»: Қарабалиндер әулетінің туысы жан сырын айтты
Қарабалиндер әулетінің туысы Фаризат Кенжеғалиева Kursiv Media-ға берген сұхбатында қайғылы жағдайдан кейін балалардың тағдырына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның сөзінше, қазіргі жағдайда Ақбаянның бес баласын туыстарының бірінің өз қамқорлығына алуы оңай емес. Себебі әр отбасының өз тұрмысы, өз балалары мен жауапкершілігі бар.
«Қазір біреудің баласын біреу бақпайды. Өз балаларың өз үйіңе сыймайды. Бәрінде бала бар. Егер Ақбаян сау болса, көмектесер едік. Бірақ қазір жағдай қиын», – деді Фаризат Кенжеғалиева.
Ол сондай-ақ балалардың бұл жағдайға кінәсі жоқ екенін айтып, мұндай шешімге бармас бұрын бәрін ақылмен таразылау керек болғанын жеткізді.
«Балалардың кінәсі жоқ. Мұндай әрекетке барар алдында ойлану керек еді. Ақылмен шешу қажет болатын», – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.11.2026
16:31
Словакияда төрт қазақстандық ұсталды
21.11.2026
13:29
FlyArystan жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін с...
21.11.2026
12:10
Қостанайда мектептегі зорлық ісіне қатысты заңг...
21.11.2026
11:17
ШҚО-да жол жөндеу кезінде адамның сүйегі табылды
21.11.2026
10:21
Дүниеге келе сала жол апатына түскен сәбиді дәр...
21.11.2026
09:52
Ақтөбеде адам ұрлады деген бес кісі сотталып жатыр