“Ақкөңілдігім бәрін құртты”. Нұрлан Еспанов атақ алмауының себебін айтты

“Ақкөңілдігім бәрін құртты”. Нұрлан Еспанов атақ алмауының себебін айтты
27.02.2025 10:01
0
154
Ашық дереккөз

Белгілі әнші әрі сазгер Нұрлан Еспанов "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өнер адамдары арасындағы атақ беру мәселесі туралы пікір білдірді.

Ол 10 жыл бойы "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағын ала алмағанын айтып, бұл жағдайға өзінің ақкөңілділігі әсер еткенін жеткізді.

"10 жыл бойы уәде берді"

Еспановтың айтуынша, ол бірнеше рет атаққа ұсынылып, қажетті құжаттарды тапсырған, бірақ нәтиже болмаған.

"Менің ақкөңілдігім бәрін құртты. Бір үлкен азаматымызға: "Сіздер мені 10 жыл алдадыңыздар ғой. Неше түрлі қағаз жинаттыңыздар. Неге мені өздеріңіз іздемейсіздер?" - дедім. Мен сіздер үшін көп нәрсе тегін жасадым ғой", – деді әнші.

Сонымен қатар, ол өзінен әлдеқайда жас әріптестерінің бұл атақты алып жатқанын атап өтті.

"10 жыл уәде берді ғой. Менен 10 жас, 20 жас, бір күні 30 жас кіші балалар "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алып жатты ғой", – деп қынжылды өнер иесі.

"Географияң бар, бірақ биографияң сәйкес келмейді"

Сұхбат барысында Нұрлан Еспанов үлкен қызметке де талпынып көргенін айтты. Алайда оған бұл жолда түрлі себептермен шектеу қойылған.

"Сенің географияң келгенімен, биографияң келмейді" – деген сөз айтылды", – деп қорытындылады әнші.

Бұл сұхбаттан кейін көпшілік арасында өнер саласындағы атақ беру жүйесі туралы түрлі пікірлер айтылып, қызу талқылау тудырды.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий