Ақмола облысында 14 жастағы қызды қатыгездікпен өлтіріп кетті
Ақмола облысына қарасты Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыздың пышақ жарақатынан қаза табуы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға анықталған бойда жедел шаралар жүргізіліп, күдіктінің жеке басы белгіленген. Қазір оны ұстау үшін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатқанын айтқан ведомство өкілдері істің ерекше бақылауда екенін атап өтті. Осы ретте полиция:
«Істің тергелуі полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырамыз», — деп мәлімдеді.
Осылайша құқық қорғау органдары қоғамды тыныштық сақтауға және тек расталған ақпаратқа жүгінуге үндеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...