Ақмолада 338 медицина қызметкері медициналық сақтандырусыз қалған

Ақмолада 338 медицина қызметкері медициналық сақтандырусыз қалған
Фото: magnific.com

Ақмола облысының Сандықтау ауданында жұмыс беруші екі ай бойы 338 медицина қызметкерінің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жарнасын аудармаған. Мұны аудан прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Салдарынан медицина қызметкерлері сақтандырылған тұлға мәртебесінен айырылып, МӘМС аясында медициналық қызмет ала алмай қалуы мүмкін болған.

Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, прокурорлар араласқаннан кейін 4 млн теңгеден астам берешек толық өтеліп, қызметкерлердің құқығы қалпына келтірілді. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу