АҚШ ИГИЛ позицияларына 75 әуе соққысын жасады
АҚШ Орталық қолбасшылығы Сирияның орталығындағы ИГИЛ лагерлері мен содырларына әуе соққыларын жасағанын хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
АҚШ әуе күштері 75-тен астам нысанды дәлдікпен соққыға алып, ИГИЛ-дің қайта күшеюіне жол бермеуді көздеген.
"Бұл соққылар ИГИЛ-дің сыртқы операциялар жүргізу мүмкіндігін болдырмауға және олардың қайта күш жинауына тосқауыл қоюға бағытталған. Әзірге бейбіт тұрғындардың арасында шығын жоқ", — делінген мәлімдемеде.
Генерал Майкл Эрик Курилла ИГИЛ-ге қарсы әрекеттердің тоқтамайтынын атап өтті: "Сириядағы барлық ұйымдар ИГИЛ-ге қолдау көрсетсе, жауапкершілікке тартылады".
Сонымен қатар, АҚШ президенті Джо Байден Башар Асад режимінің құлауын "тарихи мүмкіндік" деп бағалап, сириялықтарға жаңа кезеңнің басталғанын айтты. Бұған қоса, Башар Асадтың орнынан кеткені және Сириядан қашып кеткені туралы ақпараттар таралды.
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.