АҚШ пен Ресей Сауд Арабиясында Украина мәселесін талқыламақ, бірақ Киевсіз

Украина АҚШ пен Ресей арасындағы Сауд Арабиясында өтетін келіссөздерге қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BBC.
Ақ үйдің Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Виткофф Вашингтоннан Сауд Арабиясына баратынын растады. Ол бұл кездесудің АҚШ пен Ресей арасындағы Украина мәселесі бойынша алғашқы бетпе-бет келіссөзі болатынын айтты.
Виткоффтың айтуынша, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц те бұл кездесуге қатысады.
Украина келіссөздерден шеттетілді ме?
Украина үкіметіндегі дереккөз BBC-ге берген сұхбатында Киевтің бұл келіссөздерге шақырылмағанын және келіссөздерге қатыспайтынын айтты.
Стив Виткофф Украина келіссөздердің бір бөлігі екенін атап өткенмен, Киевтің Сауд Арабиясына шақырылғанын нақтыламады.
"Бұл келіссөздер ешкімді шеттету үшін емес", – деді Виткофф, бірақ Украинаға аумақтық мәселелерде қандай да бір қысым жасалатыны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.
Киевтің бұл келіссөздерге қатыспауы АҚШ пен Ресейдің Украинаға қатысты келіссөздерді оның қатысуынсыз өткізуі мүмкін деген алаңдаушылықты күшейтіп отыр.
Соңғы жаңалықтар





