АҚШ Украинадағы делдал рөлінен бас тартуы мүмкін

АҚШ Украинадағы делдал рөлінен бас тартуы мүмкін
30.04.2025 11:51
0
226
АҚШ: Ешқандай нәтиже болмаса, делдал болудан бас тартамыз

АҚШ Украинаның соғысын реттеудегі делдалдық рөлінен бас тартуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

CNN дерегінше, егер келіссөздерде прогресс болмаса, АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинадағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қатысты дипломатиялық делдалдықты доғаратынын мәлімдеді.

«Біз қазір тараптар бұл қақтығысты қалай аяқтауға болатыны туралы нақты ұсыныстар ұсынуы керек кезеңде тұрмыз», – деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубионың ұстанымын жеткізген ресми өкілі Тэмми Брюс.

Оның айтуынша, келесі қадамдарды анықтау – президенттің еншісінде. Егер алға жылжу болмаса, Вашингтон арағайындық рөлін доғарады.

CNN тілшісінің «бұл мәлімдеме Еуропа мен Украинаның қарсы ұсыныстарынан бас тартуды білдіре ме?» деген сұрағына Брюс тікелей жауап бермей, тек өз ұстанымын қайталаумен шектелді.

Сонымен қатар, ол Рубионың Еуропа мен Украина өкілдерімен алдағы уақытта келіссөз жүргізуді жоспарлап отырғанын нақтыламады. Белгілісі – Рубио өткен демалыс күндері Мәскеудің өтініші бойынша Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, ал дүйсенбі күні Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Ламмимен сөйлескен.

«Бұл мәлімдеме келіссөздер есігін біржола жабу дегенді білдірмейді», – деп қосты Тэмми Брюс.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий