Ақша талап еткен студент пен колледж басшылары жазаланды

Ленинградтық ауылшаруашылық колледжінде орын алған жанжал студентке екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаумен аяқталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Аймақ прокуратурасының мәліметінше, үшінші курс студенті бірінші курс студенттерінен ақша талап еткен. Бұл жағдайдан колледж басшылығы хабардар болғанымен, құқық қорғау органдарына хабар бермеген.
Жағдайды прокуратура өкілдері студенттермен өткізілген әңгіме барысында анықтаған. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалып, сот үшінші курс студентін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.
Сонымен қатар, колледж басшылығы да жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның актісіне сәйкес, директор мен жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданылды. Бұл жағдайды болдырмау үшін колледждің жұмыс процесі қайта қаралған.
«Басшылық тарапынан жіберілген қателіктер үшін тиісті шаралар қабылданып, колледждегі ұйымдастыру жұмыстары қайта құрылды», — деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.
Дегенмен, колледж қызметкерлеріне нақты қандай жаза қолданылғаны туралы ақпарат жарияланбады.
Соңғы жаңалықтар





