АҚШ-тағы әуе апатында мәнерлеп сырғанаушылар болған
АҚШ-та орын алған әуе апатында жолаушылар арасында мәнерлеп сырғанаушылар, олардың жаттықтырушылары және отбасы мүшелері болғаны анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Олар Канзас штатында өткен ұлттық чемпионаттан қайтып келе жатқан. Вашингтондағы Рональд Рейган атындағы ұлттық әуежайы жергілікті уақыт бойынша 11:00-ге дейін жабылып, рейстер Даллес халықаралық әуежайына бағытталды.
29 қаңтарда шамамен 21:00-де American Airlines әуе компаниясының Уичитадан Вашингтонға бағыт алған рейсі Рейган әуежайы маңында армияның тікұшағымен соқтығысып, Потомак өзеніне құлады. Әуе кемесінде 60 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүргізілуде, бірнеше адамның денесі судан шығарылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз.
Airlines рейсіндегі мүмкін болған спортшылардың тізімі:
- Эндрю Торғашев;
- Максим Наумов;
- Алиса Ефимова;
- Миша Митрофанов;
- Кэти Макбет;
- Даниил Паркман;
- Кристина Каррейра;
- Энтони Пономаренко;
- Алексей Щепетов;
- Аннабель Морозова;
- Артем Маркелов;
- Антон Спиридонов;
- Данила Савельев;
— Джеффри Чен.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаны қорқынышты апат деп атап, құтқару жұмыстары мен тергеуді өз бақылауына алды және құтқару қызметтеріне алғысын білдірді.