Ақтауда ерлікпен қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді

Ақтауда ерлікпен қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына пәтер берілді
07.08.2025 12:30
0
391
Екі қызды құтқарып, суға батқан батырдың отбасына Ақтаудан пәтер берілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ақтауда демалыс кезінде суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып, өзі қаза тапқан Ерлан Шонтабаевтың отбасына қамқорлық көрсетілді. 6 тамыз күні оның артында қалған жұбайы мен бес баласына Ақтау қаласынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды.

Сонымен қатар, демеушілердің есебінен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілгені хабарланды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға Ақтау маңындағы теңіз жағасында болған. 39 жастағы Ерлан Шонтабаев достарымен демалып жатқанда, жақын маңда суға түскен жастардың көмек сұраған дауысын естіген. Ол еш ойланбастан суға секіріп, екі қызды жағаға аман-есен алып шыққан. Алайда, үшінші жас жігітті құтқару кезінде үрейге бой алдырған жігіт оның аяғынан ұстап, сол сәтте екеуін де үлкен толқын су астына алып кеткен.

Ерлікпен қаза тапқан Ерланның артында жұбайы мен бес баласы қалды, оның кенжесі небәрі үш айлық. Бұған дейін жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті оның жанқиярлығын атап өтіп, отбасына алғыс хат табыстаған болатын. Енді, міне, халықтың жанашырлығымен отбасы баспаналы болып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий