Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол жұмсады

22.12.2025 12:42 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Ақтөбе облысында әкім өз-өзіне қол жұмсады
0
405
Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында Еркін Далмағамбетов өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы жағдай Темір қаласында тіркелді. Әкімнің мәйіті өз үйінен табылған. Марқұм 46 жаста болған, деп хабарлайды Politico.kz Orda.kz тілшісіне сілтеп.

Әкімнің денесі 20 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00 шамасында анықталған. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, сол күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі қайғылы ақпаратты растады.

Темір ауданының әкімі Алмас Жақсылықовтың айтуынша:

«Мәйіт өз үйінен табылды. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Марқұмның артында балалары қалды».

Белгілі болғандай, Еркін Далмағамбетовтің екі некеден алты баласы бар.

Еркін Далмағамбетов өткен жылдың маусым айында Темір қаласының әкімі қызметіне тағайындалған. Оған дейін мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында жұмыс істеген.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

«Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат жарияланбайды», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Алға ауданында Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталиннің де өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий