Ақтөбе облысында ауыл әкімі өзіне қол жұмсамақ болды
1144
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өзіне қол жұмсамақ болды
Ақтөбе облысының Бестамақ ауылдық округінің әкімі Қанат Дәулеталин 7 шілде күні өз-өзіне қол салуға оқталған. 47 жастағы шенеунік ауыр хәлде Алға аудандық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің жедел көмегінің арқасында аман қалды. Бұл мәліметті Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев растады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда Қанат Дәулеталиннің жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Әкім жалпы палатада ем қабылдап жатыр.
Бұл оқиға қоғам назарын аудармай қоймады. Қазір аталған жайт бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз. Құзырлы органдар тергеу нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
19:12
Дина Төлепберген: Телевидениеге әкем көрсін деп...
24.08.2026
19:03
Тоқаев ерлердің сәлемдесу мәдениеті мен қоғамда...
24.08.2026
19:00
Астанада металл іздегіш рамасының жанында шалба...
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады