Ақтөбе облысында дәрігер мен баласы бір күнде қайтыс болды

Ақтөбе облысында дәрігер мен баласы бір күнде қайтыс болды
Фото: freepik.com

Мұғалжар аудандық ауруханасының оториноларинголог дәрігері Назгүл Мұратқызы Кантуренова 23 қарашада жол апатынан қаза тапты. Сол күні дәрігердің баласы өз-өзіне қол жұмсаған. Суицид дерегін полиция растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты Қандыағаш – Шалқар тасжолының Жұрын кенті маңында болған. Renault көлігін тізгіндеген әйел рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмған. Жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігер еңбек демалысында болған.

Мұғалжар аудандық ауруханасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Әріптестері оны өз ісіне адал, тәжірибелі, науқастардың алғысына бөленген білікті маман ретінде еске алды.

Айта кетейік, Петропавлдағы №2 емхананың қызметкері мен оның күйеуі жол апатынан қаза тапты.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу