Ақтөбе облысында із түзсіз жоғалған 10 жасар баланы бүкіл ауыл мен құтқарушылар тікұшақпен іздеп жатыр
ЖАЛҒАСЫ
-
Ақтөбе облысында 20 күн бұрын жоғалған 10 жасар баланың денесі табылды
17.04.2026, 16:10
Ақтөбе облысының Сарыжар ауылында үйінен шығып кеткен 10 жасар бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
2016 жылы туған Мансұр Саматов 29 наурыз күні сыртқа шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Жасөспірімнің жоғалғаны туралы шағым Мәртөк аудандық полиция бөліміне сол күні кешке түсіп, құзыретті органдар бірден іздеу шараларына кіріскен.
Тәртіп сақшыларының алдын ала болжамы бойынша Мансұр абайсызда суға құлап кетуі мүмкін. Осыған байланысты қазіргі уақытта Елек өзенінің жайылмасында катерлермен арнайы патрульдеу жүргізіліп жатыр.
«Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар, оның ішінде сүңгуірлер, жылу камерасымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен әскери қызметшілер тартылған», – деп хабарлады полиция.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...