Ақтөбе облысында танымал дәрігер өлі табылды

02.06.2025 09:53 Admin Admin
Ақтөбе облысында танымал дәрігер өлі табылды
0
425
Фото: freepik.com

Ақтөбе облысында өткен аптада нефролог дәрігер Абай Айсағалиев жоғалып кеткен еді. Кеше дәрігер кісі қолынан қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы "Диапазон" газеті жазды. Басылымның жазуынша, өңірге танымал дәрігер Абай Айсағалиев 23 мамыр күні жоғалып кеткен. Жұма күні оны іздеуге еріктілер да қосылған, ал сенбі күні ол кісі қолынан көз жұмғаны анықталды.

Полиция өкілдері журналистерге пікір білдіріп, күдікті ұсталғанын хабарлады.

"Адам жоғалғаны туралы ақпарат бізге 29 мамырда түсті. Полиция 1956 жылғы ер адамды өлтірді деген күдікпен Ақтөбенің 31 жастағы тұрғынын ұстады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті құқық қорғау органдары.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат қылмыстық істі тергеу аясында жарияланбайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий