Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, бірнеше адам көз жұмды

26.01.2026 10:24 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Ақтөбе облысында үш көлік соқтығысып, бірнеше адам көз жұмды
199
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жол апаты 25 қаңтарда сағат 17:00-де «Ақтөбе — Орынбор» автожолының Құрайлы ауылы маңында болған

Облыстық полиция үш автокөліктің қатысуымен болған жол апаты бойынша тексеріс жүргізуде.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Ақтөбе қаласынан Мартөк ауылына бағыт алған «Honda Odyssey» автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, қарсы бағытта келе жатқан «Hyundai Solaris» автокөлігімен соқтығысты. Соққыдан «Honda Odyssey» бағытын өзгертіп, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 автокөлігімен соқтығысқан», — делінген мәлімдемеде.

Жол апаты салдарынан ВАЗ-2110 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

«Honda Odyssey» көлігінің бір жолаушысы және ВАЗ-2110-ның бір жолаушысы зардап шекті, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

«Honda Odyssey» көлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий