Ақтөбе облысында жол апатынан бірнеше адам көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан бірнеше адам көз жұмды
Фото: Instagram / info_khromtau_aqtobe_04

Ақтөбе облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 28 шілде күні кешкі уақытта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қызметкерлер жеке автокөлікпен Ақтөбеден Хромтау бағытына жолға шыққан. Самара – Шымкент тасжолында олардың Audi көлігі «ГАЗельмен» соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көлікте болған үш адамның барлығы қаза тапты. Audi жүргізушісі мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмса, тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда қайтыс болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып

Желіде тараған ақпарат бойынша Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері жұмыс ауысымына бара жатқан.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу